ҚҰРМЕТТІ ҚАЛАЛЫҚТАР!!!

Сіздердің 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу — азаматтық құқығыңызды іске асыруға кең қолжетімділікті қамтамасыз ету аясында Петропавл қаласының әкімдігінде 50-30-14, 50-21-75 нөмірлерімен Call-center — арнайы анықтама қызметі жұмыс істейді.
Call-center жұмыс уақыты күн сайын (дүйсенбі – жексенбі) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Петропавл қаласы әкімдігі ресми сайтының бас парақшасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы кезектен тыс сайлауы бөлімінде http://izbiratel.sko.kz/ сілтемесі бойынша өтіп, арнайы көрсетілген жолаққа жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізе отыра, өздеріңізді азаматтар тізімінде тексере аласыздар.
Сонымен қатар, @SailauSkoBot сілтемесі бойынша өтіп TelegramBot арқылы өздеріңізді азаматтар тізімінде тексеруге болады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 1 қарашадан 19 қарашаны қоса кезеңде өз сайлау учаскелеріңізде өздеріңізді азаматтар тізімінде тексере аласыздар.
Петропавл қаласының әкімдігі