КӨЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ШЕКТЕУЛЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

1 1

2022 жылғы 1 шілдедегі ВАК-тың шешіміне сәйкес короновирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу мақсатында Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің ағымдағы жылдың 8 шілдесінен бастап күшіне енетін «Көлік объектілерінде коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы қабылданды.

Аталмыш құжатқа сәйкес тұрақты жолаушылар тасымалын (әуе, су, темір жол, метрополитен) жүзеге асыратын ұйымдар көлік құралдарындағы ауа баптау, желдету жүйелеріне тексеру жүргізуді және желдеткіш сүзгілерін ауыстыруды; мамандандырылған көлік құралдарын (перрондық автобустарды) қоспағанда, көлік құралына жолаушыларды орындардың санынан аспайтын мөлшерде отырғызу; көлік құралының салонын желдету, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, салонды ылғалды тазалау және ауысым аяқталғаннан кейін қоғамдық көліктерге дезинфекция жүргізуді қамтамасыз етуді талап етеді.

Халықаралық әуежайлардың, теміржол вокзалдарының, теңіз және өзен порттарының басшыларына ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін тазалауды, жууды, дезинфекциялауды, желдету және ауаны баптау жүйелерінің сүзгілерін ауыстыруды қамтамасыз ету; жолаушылар болатын орындарды жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, жалпы тазалау жұмыстарын жүргізу; барлық бөлмелерді жиі желдету; күту залдарында, ана мен бала бөлмелерінде, санитариялық тораптарға кіре берісте қолды тазарту құралдарын орнату; қызметкерлер арасында COVID-19 кезінде жеке қорғану құралдарын қолдану алгоритмі, жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтау, кварц шамдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау; қызметкерлердің маскалар мен антисептиктерді міндетті түрде қолдануы; оқшаулау бөлмесі бар медициналық немесе сауықтыру пунктінің тұрақты жұмысы; кемінде 60 минут сайын жолаушыларды радиохабар (дауыс зорайтқыш арқылы хабарлау) арқылы коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы хабардар ету.

Бұл ретте жолаушыларға әуежайлардың, вокзалдардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің ғимараттарында, қоғамдық көлікте жүргенде бетперде кию ұсынылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *