ПЕТРОПАВЛДА ҚҰРБАН АЙТ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

blue modern just listed real estate instagram post 4

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Құрбан айт мерекесін қалай атап өтуді жоспарлап отырғанын айтты – деп хабарлайды Open Petropavlovsk тілшісі. 

Мұсылмандардың басты мерекелерінің бірі 9, 10, 11 шілде күндері аталып өтіледі. Сонымен қатар, Қазақстан үкіметі мұсылмандар мерекесінің бірінші күнін демалыс күні етіп белгілеу туралы шешім қабылдады. 

Құрбан айт арабша Ид аль-Адха – «құрбандық шалу мейрамы». Мереке, біз  айтқандай, үш күнге созылады, оның барысында діндарлар мешіттерге дұға ету үшін жиналады, сонымен қатар құрбандық шалу рәсімін жасайды. Құрбандық шалу уақыты мерекелік намаз аяқталғаннан кейін бірден басталады және үшінші күні күн батқанға дейін аяқталады. Кейбіреулер бұл рәсімді орындау мереке басталған кезде сол жерде тұрақты тұратын және ауқатты әрбір ересек мұсылман үшін міндетті деп санайды. Басқалары әртүрлі себептермен бұл рәсімді орындай алмайтын мұсылмандар үшін құрбандық шалу міндетті емес деп санайды.  

Биылғы жылы құрбандық шалу рәсімін қашықтықтан да, дәстүрлі түрде де мал сою орындарында өткізуге болады. 

Қашықтықтан құрбандық шалғысы келетіндер qurban2022.kz сайты арқылы жасай алады, онлайн-режимде құрбандыққа шалынған малды таңдап, қаражатты көрсетілген деректемелерге аудару керек. Қой мен ешкіге бір адам, ал ірі қара мен түйеге бір – жеті адам бірге тапсырыс бере алады. Осыдан кейін төлеген кезде хабарламада тапсырыс нөмірі мен жіберушінің аты-жөнін көрсету керек. Құрбандық шалғаннан кейін фото және бейне есеп Тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөміріне жіберіледі. 

Сонымен қатар, мал союға арналған алаңдар белгіленді. Петропавлда дәстүрлі түрде мал сою Космонавттар көшесі, 79 мекенжайында өтеді, онда қой сату ұйымдастырылады. Аталған аумақта екі контейнер және екі жабық алаң орналасқан, онда жануарларды сою және бөлшектеу жүргізіледі. 

«Мен, облыс пен қала кәсіпкерлерінен мұсылмандар үшін осындай маңызды мереке күні  тұрғындар үшін ұсақ малды сату бағасын ұстап, көтермеуді сұраймын» — деп қорытындылады облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *