ПЕТРОПАВЛДЫҢ 22 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АСА ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ САҚТАҒАНЫ ҮШІН 3 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Петропавлдың 22 жастағы тұрғыны есірткіні заңсыз сақтағаны үшін сотталды. Ол өткен жылдың қараша айында жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ұсталды. СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бойжеткеннен темекі шегуге арналған құралдар мен көк түсті кристалл тәріздес зат салынған екі полимерлік түйіншекті тәркіледі. Нәтижесінде сараптама аталған заттың «альфа-PvP» есірткісі, басқаша айтқанда белгілі «тұз» есірткісі екенін көрсетті. Алынған заттың салмағы 2,9 грамды құрады, бұл аса ірі көлемге жатады. Қазіргі уақытта қыз ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
«Жыл басынан аталған бап бойынша 4 факті анықталды, — дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Иван Терзиди. – Есірткі құқық бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу – есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі полиция бөліністерінің басымды міндеттерінің бірі. Жалпы 6 айда облыста 109 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 40-ы сату фактісі. Заңсыз айналымнан 267 түрлі есірткі заты алынды, оның ішінде 1,4 килограмнан астам синтетикалық есірткі».