ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ КІШКЕНТАЙ ЖҰЛДЫЗДАРЫ

whatsapp image 2023 09 07 at 15.27.32 1

Тамыздың 25-30 аралығында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-дей бала Ташкент қаласының маңындағы «Сокол» демалыс лагерінде бас қосты.

whatsapp image 2023 09 07 at 15.27.32

27 тамыз күні «ZHULDYZ ART KAZAKHSTAN» атты Халықаралық өнер байқауы өтті.Байқауға би топтары,қара сөз шебері,күй өнері және вокал номинациялары бойынша өнерпаздар қатысты. Теріскей өңірінен Жамбыл ауданы «Өнер мектебінің» эстрадалық вокал бөлімінің  оқушылары қатысты.»Жас қырандар» тобындағы-Серік Саят,Нәби Әлемгер,Әскер Ералхан,Арындосұлы Арсен 11-13 жас аралығында «Жас қанат» әнін орындап,1 орын алды.

whatsapp image 2023 09 07 at 15.27.33 1

«Кішкентай жұлдыздар» триосындағы Серік Айзере, Қайыржан Айару,Шүмекова Томирис 6-9 жас аралығында, ана туралы ән айтып, Гран при жүлдесін алды.

whatsapp image 2023 09 07 at 15.27.33
whatsapp image 2023 09 07 at 15.27.33 2
whatsapp image 2023 09 07 at 15.27.34
whatsapp image 2023 09 07 at 15.27.34 1

Жеке дауыста «Оқуда озат боламын» әнін айтқан Томирис Шүмекова да Гран при иегері атанды.Вокалды топ жетекшісі Күлбаршын Разиева.

whatsapp image 2023 09 07 at 15.27.34 2

Қалған 4 күнде кішкентай қыздар түрлі қолөнер кружоктарына барды,ұлдар теннис ойнады,барлығы тауға шығып,табиғатта демалды, бассейнге түсті.Әр кеште әр облыстан келген оқушылар шағын концерт беріп,соңы би кешіне ұласты.Балаларымен бірге барған ата-аналар да дән риза болып қайтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *